Аудандық мәдени-демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт өтті.

Аудан әкімі С.Әлиев ауыл тұрғындарын мерекелерімен құттықтап, бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыс етті.
Тасқала аудандық мәслихатының хатшысы С.Рахимов, еңбек ардагері А.Сүндетбаев, еңбек ардагері Д.Яфаров, "Тасқала әйелдері" қоғамдық бірлестігінің төрайымы В.Завгарина және аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, Аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Н.Дүйсекешева, аудандық аурухана есепшісі Т.Тасмағамбетов Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен, аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ж.Таубаев, аудандық халыққа қызмет көрсету оралығының қызметкері С.Мамбетова аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.