Бүгін Тасқала ауданының қоғамдық кеңесінің ХХ отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Б.Тасмағамбетовтың төрағалығымен өткен кеңеске аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Аудан жастарының бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізіп, тиісті мекемелерге ұсыныстар дайындау
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар туралы аудан әкімі аппаратының есебі 
3. Аймақтық квазимемлекеттік құрылымдардың жұмысындағы есептілік пен ашықтық: сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды жоюдың шараларын талдау
4. «Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасы
5. «2018-2020 жылдарға арналған бюджет туралы» мәслихат шешімінің жобасы
6. «2018-2020 жылдарға арналған Тасқала ауылдық округінің бюджеті туралы» мәслихат шешімінің жобасы
7. «Тасқала аудандық мәслихатының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №18-1 «Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасы
8. «Тасқала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы
9. «Тасқала ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы
10. «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану пайдалану Қағидасын бекіту туралы» аудан әкімдігінің қаулысы
11. Тасқала аудандық Қоғамдық кеңесінің 2018 жылға жұмыс жоспары