Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Мерей ауылдық округіне қарасты Мерей және Тоғайлы ауылдарының таза ауыз су жүйесіне қосылуының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауыл халқын таза ауыз сумен қамтамасыз етіп, барша тұрғындарға қуаныш сыйлаған нысан «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында жүзеге асқан болатын. 

Шарада аудан әкімі С.Әлиев барша мерейліктерді мерекелерімен құттықтап, нысанның жұмыс барысымен танысты. Өз кезегінде ауыл тұрғыны А.Бакишев ел игілі үшін жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын айтып, ауыл ақсақалдары атынан ризашылығын білдірді.