Биылғы жылы - Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толып отыр.  Осыған байланысты 12 желтоқсан күні Тасқала ауданында «Ұлттық демократияның бастауы: Еркіндікке ұзақ жол» атты ғылыми-танымдылық конференция өткізілді.  

Шараның мақсаты Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру жұмыстары аясында ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке тәрбиелеу болды.  Конференцияға облыстық тарих және археология орталығы директорының орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Рамазанов Серік Кишбекұлы және осы оралықтың  қызметкерлері қатысты.