Бүгін Тәуелсіздік күніне орай, ІІ Шежін ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы жүзеге асқан су құбырларын қайта құру жұмыстары аяқталып, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шарада аудан әкімі С.Әлиев құттықтау сөз сөйлеп, жаңадан ашылған нысанның жұмыс барысымен танысты.