Мереке ауылдық кітапханасында Астананың 20 жылдығына орай тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Мақтанышым Астанам» тақырыптық кеші өткізілді. Кітапхана меңгерушісі С.М.Бахашев қатысушы оқырмандарды Астана қаласының тарихымен таныстырды. Оқырмандар «Егемен елімнің Астанасы» слайдын тамашалап, кітапхана қорындағы Астана тақырыбындағы жаңа кітаптармен танысты. Мереке ауылы әкімшілігінің бас маманы С.С.Мұханбеталиев оқушыларға Астана қаласында өткізілген айтулы шаралар жөнінде мәлімет берді. Кітапхананың үздік оқырманы С.Ж.Нарынбаева және Мереке орта мектебінің ұстазы Г.Қ.Жұмағұлова өткізілген шараға ризашылықтарын білдіріп, өз пікірлерін ортаға салды. Шара соңында кітап көрмелеріне шолу жасалды.