2017 жылдың 12 желтоқсан күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында «Мемлекеттік қызметшінің этикасы мен мінез-құлық нормалары» атты интернет-конференция өтеді. Сұрақтарға облыс әкімі аппаратының қызметтік этика бойынша жауапты маманы Айгүл Есекенова жауап береді. Интернет-конференция нақты уақыт режимінде сілтемесі арқылы өткізіледі. Сұрақ қою үшін, «dialog.egov.kz/conference/all» сілтемесі арқылы кіріп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына қатысты сұрақтарыңызды қалдыруға болады.