2017 жылдың 30 қараша  күні Мереке ЖОББМБ-да 1 желтоқсан  -  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  күніне арналған «Ел тірегі-Елбасы» атты салтанатты жиын өтті.  Жүргізушілер алдымен барлық ұстаздарды, оқушыларды, ата – аналарды мерекелерімен құттықтап, елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет айтты. 

Шара барысында мектеп директоры Д.Дүйсенғалиев құттықтау сөз сөйлеп, мектептің жетістіктеріне тоқталып өтті. Салатанатты жиында оқушылардың  елбасына арналған өлең жолдары оқылып, керемет әндер айтылды.
Мерекелік шара «Еркетай» балабақшасының 10 жылдық мерейтойымен жалғасын тапты. 10 жыл бойына «Еркетай» балабақшасына үлес қосқан қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады. Олар Семгалиева Ж.Б,   Табылдиева Қ.М, Мендыгалиева Ж.А, Жарасова К, Бищанова Г, Жарасова Б, Нурмуханова Р, Сайфуллина А.  
Балабақшақшаға үнемі демеушілік танытқан және 10 жылдық мерейтойға өз үлестерін қосқан азаматтар марапатталды. Олар Бермуханов Р.М, Хасанов М.Ж, Жарасов Т.Б, Хасанова А.Ж, Маюков Қ.Ш, Кадыров Б, Кужабергенов Б.С, Мендыгалиев А.Ш, Мендыгалиев А.Е, Давлетов Б, Байтукова З, Турешев Т.  Мерекелік шарада «Еркетай» балабақшасының бүлдіршіндері өздерінің өнерлерін көрсетті.