Бүгін аудандық мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне салтанатты жиын, мерекелік концерт өтті. Шарада аудан әкімі С.Әлиев ауыл тұрғындарын атаулы мерекемен құттықтап, "Нұр Отан" партиясы қатарына қосылған аудан тұрғындарына партия билеттерін табыстады. Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концертіне ұласты.