2017-2018  оқу  жылында  Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББ мектебінде және  С.Жақсығұлов  атындағы  ЖОББ мектебінде  агросынып  эксперименталды  алаңы  ашылған болатын. Бұл болашақта  осы сала  бойынша  жоғары  оқу  орындарында  білімдерін  жалғастыруды   көздеген   жастардың  білімдік сұраныстарын  қанағаттандырады.   Факультативтік  курс  облыстық  білім   басқармасымен  келісілген  оқу  жоспарына  сай  Жәңгірхан  атындағы  Батыс  Қазақстан  аграрлық - техникалық   мемлекеттік   университеті   құрастырған   оқу  бағдарламасы  негізінде  8-сыныптан бастап жүргізіліп келеді. Бірінші тоқсанда  ветеринариялық курс  бойынша  дәріс жүргізіліп,  24 қараша  күні  оқушылар  Жәңгірхан атындағы БҚАТУ "Ауыл шаруашылығына кіріспе" курсының тәжірибелік кезеңіне барды. Агросыныпта  оқушылардың  білім, білік  дағдысын  есепке алу үшін  қорытынды аттестация  өткізіледі. Осы сыныптың   оқу  жоспарын  жақсы   орындап,  емтиханды  үздік аяқтағандарға куәлік  беріледі   және  облыстағы  ауылшаруашылық  оқу  орындарына  түскен  кезде  жеңілдіктерге ие болады.

Оқушылар университет ішінде саяхат жасады, агросынып мұғалімі Сидихов Бекжасар Мустакапович 1 курс студенттерімен кездестіріп, әңгіме жүргізді, тәжірибелік сабақ өткізді. Университеттің үлкен мұражайына барып, Жәңгірханның өмірі және тарихи кезеңдерімен таныстырды.
Мұндай бастамалар оқушыларға көп мүмкіндіктер береді. Болашақта маман иесі болуына да септігі мол.