Бүгін Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру (электронды түрде көрсетілетін қызметтер) мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» өткізілді.
Жәрмеңке барысында келесі мекемелер өз қызметтерін  ұсынды:

  1. Тасқала аудандық жер қатынастары бөлімі
  2. Тасқала аудандық білім бөлімі
  3. Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
  4. Тасқала аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі
  5. Тасқа аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
  6. Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты
  7. Тасқала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі
  8. Тасқала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі
  9. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Тасқала аудандық бөлімі
  10.  Тасқала аудандық орталықтандырылған аурухана
  11.  Тасқала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Шара барысында өз қызметтерін ұсынған мекемелердің мамандары қызмет алушыларға практикалық көмектер көрсетіп, «электрондық үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларын үйретті.  Сонымен қатар, жәрмеңкеге келген аудан орталығының 73 тұрғынына түсіндіру жұмысы жүргізіліп,  жадынамалар таратылды. 6 қызмет алушыға «электрондық үкімет» порталы арқылы  мемлекеттік қызмет көрсетілді.