Даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 21 қараша күні аудандық мәдени – демалыс орталығында «Нұр Отан» партиясы филиалы, қоғамдық бірлестіктер мен Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және уәкілетті органдармен бірлесе отырып,  «Тең құқық – тең мүмкіндік» акциясы өткізілді.

Акция шеңберінде мүгедектердің құқықтарын іске асыру мәселесі қаралып, «Бос орындар»  жәрмеңкесін өткізу сияқты шаралар ұйымдастырылды. Жоспарланған іс – шара  бойынша дербес бөлімдермен мекеме басшылары даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен тікелей кездесіп, көтерілген мәселелер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
Осы акцияға 10 мүгедек жолығып, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерін талқылады. Қойған сұрақтар негізінен коммуналдық қызметтер су мен газ бағасының көтерілуі мен үйлеріне су тарту мәселесі қозғалды.
Акция барысында екі мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар  тұрғын үй көмегі және тұрғын үйге кезекке қою, жолдарды жөндеу жұмыстары, ауыл арасындағы такси бағасының өсуі туралы мәселелері көтерілді.