Бүгін Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс ХVIІI сессиясы өтті. Сессияның жұмысына аудан әкімі С.Әлиев, аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш, мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Е.Батабиев, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Саратов облысы, Саратов ауданының басшысы Бабошкин Иван Анатольевичті «Тасқала ауданының Құрмет грамотасымен» наградтау туралы мәселелер қаралып, бір ауыздан қабылданды.