Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Тасқала ауданының қоғамдық кеңесінің  ХІХ отырысы өткізілді.
Кеңесте Тасқала ауданының ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің «2016-2017 жылдар аралығында  аудан бойынша аудан ішілік және ауыл ішілік жолдарды жөндеу нәтижелері туралы» есебі, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша аудан әкімі аппаратының есебі, «Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 9-1 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасы бойынша есептері тыңдалып, қоғамдық кеңестердің І Республикалық Мәжілісіне қатысып қайтқан Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры А.Нұрмақов мәжілісте айтылған ұсыныс, ой-пікірлермен бөлісті.
Жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша кеңес мүшелері өз сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Аудан бойынша атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы атқарылатын жұмыстардың уақытында, сапалы орындалуын назардан тыс қалдырмау керектігі айтылып өтті.