2017 жылдың 10 қараша күні  Мереке ауылдық округінің мәдениет үйінде Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы  аясында "Өнегелі ене мен ибалы келін" атты аудандық байқау өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: отбасылық тәрбиені дәріптеу, ене мен келін арасындағы сыйластықты нығайту, өскелең ұрпаққа ұлттық әдет-ғұрпымызды насихаттау.
Байқауға төрт ауылдық округ қатысты. Мереке ауылдық округінен Сатқановтар отбасы, Оян ауылдық округінен Ислямгалиевтер отбасы, Мерей ауылдық округінен Тугжановтар отбасы және ІІ-Шежін ауылдық округінен Жұмашевтар отбасы. 
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Шежін ауылдық округінің намысын қорғаған Жумашевтер отбасы жеңіп алды.