2017 жылдың 10 қараша күні  «Прагматизм және реализм – қоғамдық келісім кеңестері қызметтерінің негізі» атты аудандық қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті. Аудандық  қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Балыковтың төрағалығымен өткен форум жұмысына  аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов,  мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық келісім ардагерлері, аналар  Кеңесінің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар, діни, этно-мәдени бірлестік мүшелері, медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Алғаш сөз алған, аудан әкімі С.Әлиев ауданда рухани жаңғыру бағдарламасының жүзеге асуына қоғамдық келісім кеңестерінің рөлі зор екенін атап өтіп, атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды. Кейін жарыссөзге «Ауылдық қоғамдық келісім кеңесі мүшелерімен бірлесе атқарылған жұмыстар» тақырыбында Мерей ауылдық округінің әкімі Е.Көшербаев, «Қоғамдық келісім кеңесінің  жұмысы» туралы Мереке  ауылдық округінің қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ж.Курмашев,  ««Туған жер» жобасы негізінде оқушылар бойында ұлтжандылық, азаматтық, толеранттылық сананы қалыптастыру және көшбасшылық қасиеттерге тәрбиелеу» тақырыбында Амангелді жалпы орта білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Владимировна, «Рухани жаңғыру»  -ұлттық санамыздың оянуының белгісі» тақырыбында жас маман М.Лұқпанов өз баяндамаларын жасады.
Кейін ауданның қоғамдық-саяси жұмысына белсене араласып жүрген бір топ азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Шара соңы Форум   Үндеуін қабылдаумен   қорытындыланды.