Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен 6-9 қараша күндері Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Қазақстанның Халық әртісі Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған облыстық халықтық театрлар фестивалі өткізілуде.
Осы орайда, 7 қараша күні Тасқала ауданының халықтық театры Н.Қамидың "Хан кененің арманы" атты тарихи драмасын көпшілік назарына ұсынған болатын.