1 қараша күні Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі күні» аясында «Тарихы мол, шежірелі Тасқалам» атты әдеби-сазды кеш өтті. Аталмыш шараға облыстық мәдениет саласы қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Айдар Батырханов, мәдениет саласының ардагері Айсұлу Елжанова, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншілері Жұмағаным Рахимова, Қанатқали Қожақов, Мұрат Әмірханов, «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі, биші Райхан Қожекешова, ардагер кітапханашылар мен облыстық, аудандық кітапханалардың қызметкерлері, студенттер қатысты. Кеште Тасқала тарихы, өткені мен бүгінін бейнелейтін кітап көрмелері қойылды. Жерлес ақын, Айтқали Нәріковтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі, аудан көркемөнерпаздарының өнерлері көпшілік назарына ұсынылды.