Ағымдағы жылдың  27 қазан күні Ақтау мәдениет үйінде "Рухани жаңғыру" кешенді бағдарламасы аясында "Намыс" жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен "Өнер әлемі - мәңгі жастық әлемі" атты жаңа заманауи би байқауы өтті.
Байқау 2 бөлімнен тұрды:

1. Дәстүрлі би байқауы (қазақ, орыс, үнді, өзбек, украин т.б.)
2. Жаңа заман биі (еркін тақырыпта брек данс, тектоник, хип - хоп т.б.)
Байқауға ауылдық округ командалары қатысып, бақ сынады. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі I орынға Ақтау ауылдық округінің биші қызы Татаханова Гаухар, II орынға Достық ауылдық округінің "Ханшайымдар" бишілер тобы, III орынға Қазақстан ауылдық округінің "Іңкәр" бишілер тобы ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.