Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы жұмыс сапарымен ауданымызда болып, мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелердің жұмысымен танысты.

Көшпелі кездесу барысында жергілікті атқарушы орган басшыларына және мекеме басшыларына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, қызмет алушы азаматтарға қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жұмысты оңтайландыру және автоматтандыру қажеттілігін ұсынды.