Аудандық ішкі саясат бөлімінің күндері  аясында арнайы кестеге сәйкес 11-25 қазан аралығында аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы  құрамында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және  спорт бөлімінің басшысы М.Нарыков, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Е.Есентаев, аудандық ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Балыков, «Тасқала әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы В.Завгарина, «Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Шакаев барлық ауылдық округ тұрғындарымен,  аудан орталығындағы 3 жалпы білім беретін орта мектептердің ұжымымен және мектеп оқушыларының ата-аналарымен   кездесті.

Бағдарламаға сай кездесулерде  «Рухани жаңғыру»,  латын  әліпбиіне көшу, діни экстремизм  мен терроризмнің, мал ұрлығының алдын  алу бойынша түсініктер беріліп, пікір  алмасылды.  
Сонымен қатар әр округке бағынысты учаскелік полиция инспекторларының  атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.