19 қазан күні аудандық мәдени демалыс орталығы мен «Намыс» ЖҚБ ұйымдастыруымен дәстүрлі әндер байқауы өтті. Оған қатысқан үміткерлер қазақ әндері мен шетел әндерін нақышына келтіре орындап, тыңдаушылар қошеметіне бөленді. Дәстүрлі әндер байқауына қатысқан үміткерлердің өнеріне баға берген әділ-қазы алқасының шешімі бойынша 3 орынға Б.Хасимова, 2 орынға А.Қажғалиева лайық деп танылса, 1 орынды А.Тоқсанова иеленді. Ал Е.Хасанғалиевтің «Алтын құм» әні мен «Титаник» кинофилімінің саундтрегін нақышына келтіре орындаған Ү.Үмбеталиева бас жүлдені ұтып алды. Қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.