Бүгін аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов ауданымыздағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті. Кез-келген адамның қолынан келе бермейтін жауапты да қиын мамандық иелеріне өз міндеттерін абыроймен атқарып, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жедел әрекет ету жолындағы қызметтеріне табыс тілеп, өз ризашылығын білдірді. 
Аталмыш шараға сала ардагерлері, аудан прокуроры М.Изимов, ауылдық округ әкімдері қатысып, өздерінің игі тілектерін жеткізді.