Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Тасқала ауданының құрылғанына 85 жыл толуына орай Тасқала ауданының энциклопедиясын жазу қолға алынуда. Энциклопедия — өлке тарихы мен табиғаты, экономикасы мен мәдениеті, сондай-ақ ауданның, өңірдің, республиканың түрлі салаларына айрықша із қалдырған тұлғалары туралы материалдарды қамтиды.

 

Ұсынылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар:

  • Тасқала ауданының тарихы мен археологиялық қазбалары;
  • Тасқала ауданының табиғаты мен табиғи ресурстары;
  • Тасқала ауданының түрлі салаларындағы ұйымдар мен мекемелері.
  • Тұлғалар :
    • Тасқала ауданының құрметті азаматтары;
    • Мемлекеттік марапаттарға ие болған Тасқала ауданының тумалары:
    • Кеңес Одағының және Қазақстан Республикасының Батырлары;
    • Социалистік Еңбек ерлері;
    • Еңбек және Даңқ ордендерінің толық иегерлері;
    • Ленин орденінің, Қазан революциясының, Ерлік және Еңбек қызыл туларының иегерлері;
    • «Еңбек сіңірген» және «Халықтық»  атақтарының  иегерлері,
    • Халықаралық және мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері;
    • академиктер, КСРО,  және Қазақстан Республикасының мемлекеттік Академиясының мүше-корреспондентттері;
    • ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары;
    • Олимпиада, Азия ойындарының, әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері,  ҚР чемпиондары мен спорт шеберлері, спорт шеберлігінен үміткерлер;
    • аталмыш талаптарға сай келмейтін, алайда, Тасқала ауданның тарихына, дамуына елеулі із қалдырған басқа да тұлғалар «Тасқала ауданы энциклопедиясы» редакциялық алқасының шешімімен кітапқа енгізіледі.
  • Энциклопедияға материалдар жинақтау және жазу жұмысы Тасқала ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің базасында жүргізіледі.
  • Аудан тұрғындары Тасқала ауданының энциклопедиасына енгізуге лайықты тұлғалар туралы ұсыныстарын мына мекенжайға жолдай алады. Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 16 үй,  Қазақтелеком ғимараты 2 қабат. Аудандық кітапхананың өлкетану бөлімі. Телефон нөмірі 87113921485, электронды мекен-жайы ensiklopedia_taskala@mail.ru