2017 жылы 14 қазан күні «Жастар» спорт алаңында жеңіл атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Тасқала ауданының біріншілігі өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған жарыстың әр кезеңдері бойынша 4 команда қатысты. Жарыс эстафета, ұзындыққа секіру, 100 м, 2000 м, 3000м жүгіру, гранат лақтыру секілді бірнеше кезеңдерден тұрды. Әр кезең бойынша жеңіске жеткен спортшыларға арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.