Бүгін аудан әкімі С.Әлиев Тасқала ауылының тұрғындары, көп балалы аналар  Н.Сағынғалиева мен Н.Ялфимова және Мерей ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ ауылының тұрғыны Д.Шайхиеваға Елбасының 2017 жылдың 14 қыркүйектегі №548 Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» наградаларын табыс етті.
Аталған алқаны табыстау барысында аудан басшысы еліміздің демографиясының дамуына үлкен үлес қосқан батыр аналарға өз ризашылығын білдірді. Өз кезектерінде «Күміс алқа» иегерлері шексіз алғыстарын жеткізді.