2017 жылдың 6 қазан күні Тасқала аудандық ОКЖ–нің барлық кітапханаларында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша «Біз латын тілін қолдаймыз!» тақырыбында кітап көрмелері жасақталып, шолу жасалды. Барлық ауылдық кітапхана оқырмандарына арналған көрменің мақсаты оқырмандарға латын әліпбиі туралы толық түсініктеме беру, латын әліпбиіндегі ұлттық коды, дыбыстық жүйесі туралы айту. Толық латын әліпбиімен таныстыру үшін қысқаша баспасөз басылымдарындағы деректерге тоқталып, мақалалардан үзінділер оқылды.