2017 жылдың 7 қазан күні Мереке ауылының 85 жылдық мерейтойы тойланды. Шараның жақсы өтуіне барша ауыл тұрғындары біріге атсалысты. Мерейтойға арнайы барған аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, ауылымыздың ақсақалы Жұбаншалиев Арон ағамыз ауыл тұрғындарын мерейтойларымен құттықтады.

Шарада мерекелік концерт ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарының көңілін бір серпілтіп тастады. Спорттық шарамен жалғасқан шарада бәйге, алтын қабақ, қазақша күрес, арқан тартыс, қол күресі, жаяу жүгіру спорт түрлері бойынша мықтылар анықталып, марапатталды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан аталмыш шара өте жоғары деңгейде өткізілді.