2017 жылдың 5 қазанында «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалының   Саяси кеңес отырысы өтті.  Отырысқа Саяси кеңес мүшелері, аудан прокуроры, аудандық дербес бөлім және мекеме басшылары, аудандық қоғамдық бірлестік төрағалары, аудан кәсіпкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Алдымен «Нұр Отан» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез баяндама жасап партия мүшелерінің сапалық және сандық құрамына тоқталып, «Кедергісіз» келешек партиялық жобасы аясында атқарылған жұмыстарды баяндады. Ал аудан прокуроры М.Ізімов мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтық қорғалуы туралы,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Саяси кеңес Бюросының мүшесі Р.Мүсәлімова мен «Әлеуметтік төлемдерді ведомство аралық есептеу орталығы» департаментінің Тасқала аудандық бөлімшесінің директоры Ш.Саратаев әлеуметтік нысандарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімділігі, оларды мемлекеттік қолдау шаралары және мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар туралы айтып өтті.