Бүгін Қариялар күніне орай  аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, ардагерлер кеңесі қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тамаша» мейрамханасында ардагерлерге  мерекелік дастархан жайылды. Шараға аудан әкімі С.Әлиев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез,  аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Мусалимова, Тасқала ауылдық округінің әкімі Ж.Ахметов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Балыков, барлық ауылдық округтерден  ардагерлер қатысты.

Шарада аудан әкімі С.Әлиев қарияларды айтулы мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кейін аудандық мәдениет үйі  көркемөнерпаздарының концерті тамашаланып, құрмет көрсетілді.