2017 жылдың 29 қыркүйек күні Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» атты ашық облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы аясында және Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған жыр мүшәйрада  облыстың  аудандарынан арнайы жас ақындар бағын сынады.  Мүшәйраның  «Туған жерге тағзым» бөлімінде ақындар Тасқала топырағын толғатса, «Азаттық таңы арайлы» бөлімінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын және «Алаш» партиясының 100 жылдығын жырларына  арқау етіп, «Жастықтың жалынды жырлары» бөлімінде лирикалық,  патриоттық жырларды оқыды. Нәтижесінде әділқазылардың әділ шешімен жүлделі 3-орынды Бақиев Азамат, 2-орынды Шығыров Асланбек, 1-орынды  Орынбасаров Әділет алса, бас жүлдені облыстық, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы Ниязбаева Асылай қанжығасына байлады.