2017 жылдың 30 қыркүйек күні ауданымызда «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ауыл шаруашылығы және Еңбек күні аясында «Аудан күні» мерекесі тойланды.
Шараға Ресей Федерациясының Саратов облысы Саратов, Дергачи, Озинки аудандарынан бір топ делегация, сонымен қатар облыстан және көршілес аудандардан қонақтар келіп қатысты.
Шарада ауылшаруашылығы саласының ардагерлері, «Еңбек күні» мерекесіне орай сала үздіктері және ауыл шаруашылығы саласындағы жыл үздіктері марапатталды.
Келген қонақтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралып, қолөнер шеберлерінің көрмесімен танысты. Аудан көркемөнерпаздары театрландырылған концерттік бағдарламасын ұсынып, шара ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған спорттық жарыстармен жалғасты. Келген қонақтарға тігілген киіз үйлерден ас беріліп, шара қорытындысы бойынша спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды.