26 қыркүйек күні «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Танылмаған талант» атты байқау өтті. Байқауда Қазақстан ауылдық округінің қатысушысы Д. Сариев І орын, Ақтау ауылдық округінің ЖОББ мектеп балабақшасының 9 сынып оқушысы Д. Шурин және Мерей ауылдық округінің Шипов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Б. Хасимова ІІ орынға ие болса, Тасқала колледжінің 3 курс студенді Д. Буранбаев және Амангелді ауылдық округінің Амангелді жалпы білім беретін мектеп балабақшасының хатшысы Г. Наурзалиева ІІІ орындарға ие болды. Қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.