2017 жылы 16-17 қыркүйек күндері аралығында «Жастар» спорт алаңында футболдан мектеп оқушылары арасында Тасқала ауданының спорт ардагерлерінің Х кубогі өткізілді. Жарысқа ауданымыздың 12 мектебінің құрама командалары қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша 1 орынды «Сәулет» мектеп-лицейі, 2 орынды ІІ-Шежін ОМ, 3 орынды Ы.Алтынсарин атындағы ОМ иеленді. Жарысқа қатысқан 12 командаға футболдан спорт формалары табысталып, барлық жеңімпаздар дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.