Бүгін Тасқала ауданында облыс әкімдігімен бекітілген латын графикасындағы қазақ алфавитінің бірыңғай стандарты жөнінде  желілік кестеге сәйкес кездесу жиыны өтті. Жиында бүгінгі күннің өзекті мәселесі латын графикасына көшудің бірыңғай кезеңдері, тиімді жолдары мен латын графикасының нақты алфавиттері сөз болды.
Шараға облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы А.Мыңбаева, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аға оқытушысы филология ғылымының докторы Ғ.Хасанов және филология ғылымының кандидаты Қ.Аронов қатысты.