Аудан əкімі Санжар Əлиев "Сəулет" мектеп-лицейінің базасында жоғарғы сынып оқушыларымен, ата-аналармен жəне ұстаздар қауымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауданымызда жаңадан ашылған жоба агросыныптың жұмысы таныстырылып, ауылшаруашылығы саласының болашағы зор екендігі жəне бұл салада білікті мамандарға сұраныстың көп екендігі айтылды.

Мектеп оқушылары мектеп қабырғасында жүріп-ақ өздерінің қызығушылығына қарай аудан экономикасын дамытудағы маңызды саланың бірі ауылшаруашылығы мамандықтары бойынша білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алып отыр.