Бүгін Тасқала ауылдық округі әкімдігі және «Тасқала-нан» ЖШС-нің өкілдері екі жақты меморандумға қол қойды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданымыздың тазалық жұмыстарына атсалысуға ниет білдірген жеке кәсіпкер өз қаражатына ауданның күл-қоқыс алаңын тазартуды жоспарлап отыр.