Аудан әкімі С.Әлиев өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін атқарудағы мәслихат депутаттарының алдындағы есебі бойынша баяндама жасады. Ол өз баяндамасында аудан өмірінің әр саласында жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды өткен жылғы даму көрсеткіштерімен салыстыра отырып, баяндап берді.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық  даму жағдайы жылдан жылға жақсатрып келеді. Атап айтқанда автомобиль жолдары, ауыз су мәселесі, елді-мекендерді абаттандыру, ауылшаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. 
Баяндама соңында алға қойған міндеттерге тоқталып, биылғы жылы бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталғанын атап өтті.