Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Кеңеске дербес бөлімнің, ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары, ведомстволық мекемелердің қызметкерлері қатысып, департаменттің бас маманы Г.Мурзакаеваның «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.