2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек еңгізіледі. Осыған байланысты аталған бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылдың 18 наурызындағы №11-12 және 23 маусымдағы №25 аудандық «Екпін» газетіне жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы мақала берілді, аудан  орталығында баннер орнатылды, 9 ауылдық округте плакаттар ілініп, 500 дана брошюралар таратылды, сонымен қатар ауылдық жиындар арқылы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.  2017 жылға арналған жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің шарттарын түсіндіру үшін ауылдық округтерді аралау кестесі жасалып аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Мобильдік топ ауылдық округтерді аралап өз жұмыстарын жалғастыруда.