Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Туған жер бағдарламасы аясында «Өңірдің көркі - Ешкітау» атты экскурсия өтті. Шараның басты мақсаты оқушыларға және жастарға Ешкітау тарихын таныстыру. Жалпы орта білім беретін Кузнецов негізгі мектебінің география пәнінің мұғалімі Сания Есжанқызы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар сұрақтарын қойып, өздеріне қажетті жауаптарын алды.