Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Намыс» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Жалынды жастық шақ» атты мерекелік шара өтті. Жастар күніне арналған думанға аудан тұрғындары белсене қатысты. Кеш барысында жиналған көпшілікке лоторея билеттері сатылып, түрлі естелік сыйлықтар ойнатылды. Сондай-ақ жастар арасында ойындар ұйымдастырылды. Көңілді шараның соңы би кешіне ұласты.