Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі 2017 жылға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында және Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды Тасқала ауданы бойынша орындаудың іс-шараларының 28-тармағына сәйкес «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, оның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» тақырыбында жоспарланған дөңгелек үстел өтті. Оған, «Нұр Отан» партиясының Тасқала аудандық филиалы жанындағы бақылау және мониторингілеу тобы, филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында жол құрылысы кезіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізіліп жатырған шаралармен таныстырылып, оның жұмысын күшейтуге ұсыныстар берілді. Қазіргі таңда мемлекет бас­шысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конс­титуциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отырғандығы, бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталғандығы жөнінде айтылды.