Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауыл округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауыл әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бастап ауыл, ауылдық округ әкімдері сайлануда. Ауылдық округ әкімдерін аудандық мәслихаттың депутаттары сайлайтыны белгілі. Осыған орай аудандық Мәдениет үйінде әкімдікке үміткерлер таңдаушылармен кездесті. Кездесуді аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов ашып, алдағы сайлау туралы қысқаша мағлұмат берді. Содан соң үміткерлер таңдаушыларды өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ағымдағы жылдың 7 тамыз күні өтетін сайлауда үміткерлерге сәттілік тілейміз.