«100 нақты көмек» жобасы аясында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан ашылған «Мейірім» қайырымдылық дүкені өз жұмысын бастап кетті. Аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында ашылған дүкен жұмысының жандануына әр адам өз үлесін қосуына болады.

Ол үшін бар болғаны өзіңізге қажетсіз киім-кешектер мен тұрмыстық заттарды жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталыққа алып келіп, тапсырсаңыз болғаны. Қайырымдылық шараларынан қоғамдық бірлестіктер мен жеке кәсіпкерлер де тыс қалып жатырған жоқ.

Айта кетер болсақ, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі дүкенге қажетті жабдықтармен көмектессе, жеке кәсіпкер Азамат Ихласов жарнамаға қажетті баннер мен дүкен атауын жасап берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНАН ТЫС ҚАЛМАЙЫҚ АҒАЙЫН!