5 шілде күні Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен және ауданымыздың шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен ауылшаруашылық кооперативтерінің құрылуы және оның жұмысының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша жиналыс өтті. 

Жиын барысында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.Жортабаев жаңа жүйе туралы кеңінен тоқтап, қатысушылардың сұрақтарына тұшымды жауаптарын берді.