4 шілде күні Тасқала ауданы əкімдігінің кіші мəжіліс залында аудан əкімі С.Əлиевтің, ауылдық округ əкімдері жəне дербес бөлім басшыларының қатысуымен міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиналыс барысында аудандық орталық ауруханасының директоры Г.Кенжешева жаңа жүйенің негізгі бағыттары туралы кеңінен түсіндіріп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына тұшымды жауап берді.