Бүгін Тасқала ауданы əкімдігінің кіші мəжіліс залында, ауданы əкімі С.Əлиевтің төрағалық етуімен, аудан прокуроры М.Изимов, аудандық мəслихат хатшысы С.Рахимов, аудан əкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш, ауылдық округ əкімдері мен дербес бөлім басшыларының қатысуымен аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша атқарылған жұмыстары туралы аудан əкімі аппаратының басшысы М.Мырзаш, экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастембекова, білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Д.Хаирова жəне Тасқала ауданы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылығы жұмысы бөлімінің басшысы М.Танатжанов баяндама жасады.

Жиын барысында аудан басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтіп, оны болдырмас үшін алдын алу шаралары жүйелі жүргізу қажеттігін айтты. Ақпараттық-түсіндіру тобы мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігін де жеткізді.