Бүгін, Тасқала ауданында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен жұмыс сапарымен болып ауылшаруашылық нысандарды аралады.

Атап айтқанда, Тасқала ауылындағы Н.Мусенов басқарып отырған «Луч» ЖШС-де жүріп жатқан бордақылау пункті, мал соятын цехі мен бұзау қорасының құрылысы, Тасқала ауылының аумағындағы Н.Аюпов басқарып отырған «Аюпов» ШҚ-ғы жүргізіп жатқан егістік жұмыстары және Бастау ауылындағы С.Аманбаев басқарып отырған «Аманбаев» ШҚ-ғы жүргізіп жатқан асыл тұқымды мал санын көбейту жұмыстарымен танысты. 

Сапар барысында Бахтияр Мәкенұлы шаруа қожалықтары басшыларының ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, кейбір мәселелерді өз қаперіне алып жұмыстанатынын айтты.