5 шілде күні аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі С.Әлиевтің қатысуымен Астана күніне арналған мерекелік шара өтті. Шара барысында сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы, барша жиналған қауымды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

- Астана азаматтығымыздың символы, Қазақстанның жаңа тарихының шынайы шежіресі, қарқынды дамуымыздың, қол жеткен табыстарымыздың, абырой-беделіміздің, береке-бірлігіміздің жарқын көрінісі болып табылады. Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала, - деді С.Әлиев.

Сонымен қатар аудан басшысы мәдени-демалыс орталығының директоры, халықтық театрының режиссеры Ж.Бисенғалиеваға жаңа «ГАЗель Некст» автокөлігінің кілтін табыстады. 

Мерекелік шара автошерумен аяқталды.